Accessibility links

Навальный 15 тәулікке қамалды


Полиция метро маңында Алексей Навальныйды (ортада) әкетіп барады. Мәскеу, 15 ақпан 2015 жыл.
Полиция метро маңында Алексей Навальныйды (ортада) әкетіп барады. Мәскеу, 15 ақпан 2015 жыл.

Мәскеудің Пресненский аудандық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды "митинг өткізу тәртібін бұзды" деп айыптап 15 тәулікке қамады.

Сот Навальныйды "метро маңында оппозицияның әлі рұқсат етілмеген "Весна" митингісіне шақыратын үнпарақ таратты" деп таныған.

Навальный айыбын мойындамай, үнпарақта қандай да бір митингіге шақыру болған жоқ, тек марштың талаптары туралы ақпарат болды деп мәлімдеді.

Полиция Алексей Навальныйды 15 ақпанда Мәскеу метросы маңында үнпарақ таратып жүрген жерінде ұстап, бірер сағаттан соң босатқан. Кеше оны күшпен Пресненский аудандық сотына әкелгені хабарланды.

15 ақпанда 1 наурызға жоспарланған оппозициялық "Весна" маршын ұйымдастырушылар мэрияның маршты Мариньо ауданында өткізу ұсынысынан бас тартқан. Ұйымдастырушылар маршты Мәскеудің орталығында өткізуге қол жеткіземіз дейді.

XS
SM
MD
LG