Accessibility links

Меркель мен Олланд Донбасс жайын талқыламақ


Донецкіге жақын Углегорск қаласында тұрғындар қираған әскери техникалардың қасынан өтіп барады. Шығыс Украина, 19 ақпан 2015 жыл.

Донецкіге жақын Углегорск қаласында тұрғындар қираған әскери техникалардың қасынан өтіп барады. Шығыс Украина, 19 ақпан 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Парижде G20 саммиті қарсаңында Шығыс Украинадағы ахуалды талқыламақ.

Өткен аптада Минскіде Меркель мен Олландтың араағайын болуымен Шығыс Украинада қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, ол әзірге толық орындалмай тұр.

Ақпанның 19-ында сепаратистер бақылауындағы Донецк қаласында атыс болғаны хабарланған. Украина әскері өкілі Анатолий Стельмах сепаратистер үкімет күштері бақылауындағы Мариуполь қаласына жақын Широкино елді мекеніндегі украин әскері позицияларын ауыр артиллериядан атқылағанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаменті 19 ақпанда сепаратистер бейбіт келісімді кемінде 250 рет бұзғанын мәлімдеді.

Осы аптада сепаратистер Донецк мен Луганск қалаларын жалғайтын стратегиялық Дебальцево қаласын басып алып, қала мен оның маңынан украин әскері әкетілген.

Украина келісімнің орындалуын бақылау үшін Шығыс Украинаға БҰҰ бітім күштерін кіргізуге шақырған.

XS
SM
MD
LG