Accessibility links

Британ парламенті ЕО мен Лондонды айыптады


Ұлыбритания парламенті ғимараты, Лондон. (Көрнекі сурет).
Ұлыбритания парламенті ғимараты, Лондон. (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания парламентіндегі лордтар палатасының Еуропа Одағы (ЕО) жөніндегі комитеті "ЕО мен Ұлыбритания Украинадағы дағдарысқа көз жұма қарады" деп мәлімдеді.

Комитет ақпанның 20-сында таратқан мәлімдемесінде Ұлыбританияны Шығыс Украинадағы жағдайды реттеуде "белсенді болмады немесе аса көзге түспеді" деп айыптайды.

Комитет мәлімдемесінде: "ЕО-ның Ресеймен қарым-қатынасы Мәскеудің ұзақ уақыт бойы "Ресей барынша демократиялану жолына түсіп келеді" деген оптимистік ұстанымына сай құрылды. Мұның салдары ЕО-ның Киевпен жақын қарым-қатынас орнату жоспарына Ресейдің жаулық ұстанымы қаншалықты тереңдеп кеткенін дұрыс бағалай алмауға әкеп соқтырды" делінген.

Мәлімдемеде Ұлыбритания 1994 жылы Украинаның территориялық тұтастығына кепілдік беретін Будапешт келісіміне қол қойған төрт елдің бірі болғандықтан Украина дағдарысына ерекше жауапты екені айтылады.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ресейдің Шығыс Украинаға "әділетсіз және заңсыз" басқыншылығының ауқымы қаншалықты болатынын ешкім болжай алмайды дейді.

XS
SM
MD
LG