Accessibility links

Тұрғанқұлов ОСК төрағалығына қайта тағайындалды


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы қызметіне, Татьяна Охлопкова ОСК мүшесі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет 2007 жылы ОСК төрағалығына келген Қуандық Тұрғанқұлов 2010 жылы сәуірде президент Назарбаевтың жарлығымен бұл қызметке тағы бес жыл мерзімге тағайындалған. Ол 1996 жылғы қаңтардан бастап ОСК төрағасының орынбасары болып істеген.

Татьяна Охлопкова 2010 жылы сәуірде президент жарлығымен ОСК мүшесі болып бес жылдық мерзімге тағайындалған. Ол бұл қызметті 1995 жылдан бастап атқарып келеді.

Өткен сенбіде Қазақстан халқы ассамблеясы елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерген еді. Оны бір аптаның ішінде елдегі билікшіл партиялар мен қоғамдық ұйымдар, парламенттің қос палатасының депутаттары бірауыздан қолдап, президент Назарбаевқа ерте сайлау тағайындауын сұрап өтініш жасаған.

XS
SM
MD
LG