Accessibility links

Назарбаев бірқатар елге елшілер тағайындады


Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда.
Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бірқатар шет мемлекеттерге жаңадан елшілер тағайындады. Бұл туралы бүгін президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жарлығымен Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған.

Қазақстанның Испаниядағы төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев Қазақстанның Андорра князьдігіндегі елшісі қызметін, Қазақстанның Швециядағы төтенше және өкілетті елшісі Дастан Елеукенов Қазақстанның Даниядағы елшісі қызметін, сондай-ақ, Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

XS
SM
MD
LG