Accessibility links

Австралияда қазақ ғалымы әйелін өлтірген деген күдікпен ұсталды


Австралия полицейлері қылмыс болған жерде. 19 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Австралия полицейлері қылмыс болған жерде. 19 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Австралия құқық органдары қазақстандық ғалым Серік Елібаевты әйелі Айгүл Исмағұлды өлтірген деген күдікпен қамауға алған.

Австралиялық басылымдардың хабарлауынша, 53 жастағы Серік Елібаевты полиция ақпанның 16-сы күні Аделаида қаласы маңындағы Клемзиг кентіндегі үйінде ұстаған. Үйден күдіктінің 55 жастағы әйелінің жансыз денесі табылған. Елібаевқа ақпанның 18-і күні айып тағылған.

Өсімдік генетикасының модификациясын зерттеумен шұғылданған ерлі-зайыпты ғалымдар 2006 жылдан Австралияда тұрып жатқан. Оған дейін екеуі Украина, Канада, Германия мен Венгрияда тұрып жұмыс істеген.

Айгүл Исмағұл – Қазақ ССР үкіметтік ақпарат агенттігі – КазТАГ-тың бұрынғы директоры болған белгілі журналист Жұмағали Исмағұловтың қызы.

XS
SM
MD
LG