Accessibility links

Атырауда «экстремизмді насихаттаған» екі жас сотталды


Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты орналасқан ғимарат.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты орналасқан ғимарат.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «экстремизмді насихаттау» айыбы бойынша екі жасты әрқайсысын бес жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған. Олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл туралы «Мой город» сайты хабарлайды.

Сот 1995 және 1998 жылдары туған екі жасты Қазақстан қылмыстық кодексінің «Терроризмді я экстремизмді насихаттау немесе бұқаралық ақпарат құралын пайдалану арқылы террорлық акт жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша айыпты деп тапқан.

«Сотталғандар интернеттегі түрлі сайттардан «қарулы жиһадқа» және мұсылмандарды Сирияға соғысқа шақыратын видеоларды көшіріп, қараған. Осы видеоларды олар мобильді телефондарына орнатып алып, құрбы-құрдастарына көрсетіп, мұжахедтер қатарына қосылуға шақырған» дейді Атырау облыстық соты баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Ақпанның 2-сі күні шыққан сот үкімі әлі күшіне енбеген, сотталушылар он бес күн ішінде үкімге қарсы апелляциялық шағым бере алады.

XS
SM
MD
LG