Accessibility links

Дубайдағы ең биік ғимараттағы өрт сөндірілді


Дубай қаласы. (Көрнекі сурет)

Дубай қаласы. (Көрнекі сурет)

Әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласындағы «Алау» деп аталатын 79 қабатты тұрғын үйде шыққан өрт сөндірілген. Алдын ала ақпараттар бойынша, өрттен қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түспеген. Бұған дейін өрт кезінде ыс тиіп қалған бірнеше адамның ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланған еді.

Жергілікті уақыт бойынша бүгін түнгі сағат үш кезінде шыққан өртті сөндіру кезінде биіктігі 330 мерден асатын ғимараттан мыңдаған адам эвакуацияланған.

Зәулім үйдің шамамен 50-қабатында шыққан өрт жалыны қатты желдің әсерінен 70-қабатқа дейін шарпыған. Куәгерлер өрт салдарынан биік ғимараттың өртенген бөлшектері жерге құлағанын көргенін айтады. Өрттің шығу себебі және одан келген шығын сомасы қазір анықталып жатыр.

Дубайдағы бұл биік тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын пайдалануға берілген. Ғимараттың үстіңгі бөлігі от жалынын еске салатындықтан «Алау» атанып кеткен.

XS
SM
MD
LG