Accessibility links

Головкин 32-мәрте жеңіске жетті


Геннадий Головкиннің (оң жақта) Мартин Мюррейді 4-раундта құлатқан сәті. Монте-Карло, 22 ақпан 2015 жыл

Геннадий Головкиннің (оң жақта) Мартин Мюррейді 4-раундта құлатқан сәті. Монте-Карло, 22 ақпан 2015 жыл

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 22 ақпанға қараған түні Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррейді айқын басымдылықпен жеңіп, орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Монте-Карло қаласының Salle des Etoiles спорт кешенінде өткен кездесуде Головкин Мюррейді 4-раундта екі рет нокдаунға, 10-раундта бір рет нокаутқа түсірді.

Ұлыбританиялық BBC Boxing: "Мюррей әуесқой және кәсіпқой карьерасында бірінші рет құлады. Головкиннің соққысы басқаның қолы жетпейтін жерлерге тиіп жатыр. Мюррей - орта салмақтағы жоғары дәрежелі боксшы, бірақ бүгін оны Головкин талқандап жатыр" деп жазды.

11-раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болып, қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп жариялады.

Бұл - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 32-жеңісі. Спортшы әзірше жеңіліп көрмеген.

Азаттық бұл жекпе-жек туралы Монакодан тікелей блог-трансляция жүргізді.

XS
SM
MD
LG