Accessibility links

Ресей Франциядан «Мистраль» жайлы жауап күтеді


Францияның «Мистраль» әскери кемесі санатындағы «Севастополь» кемесі Сен-Назер портында тұр. 24 қараша 2014 жыл.

Францияның «Мистраль» әскери кемесі санатындағы «Севастополь» кемесі Сен-Назер портында тұр. 24 қараша 2014 жыл.

Ресей Франция үкіметінен «Мистраль» тікұшақ тасығыш әскери кемеге қатысты ресми жауап күтеді. Бұл туралы «Русская служба новостей» радиостанциясына Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисов мәлімдеген.

Оның айтуынша, Ресей бұл жағдайға қатысты кез келген шешімге даяр. Қорғаныс министрлігін Ресей жағы аванс ретінде төлеген бір миллиард еуроға жуық ақшаны қайтару мәселесі толғандырады деген ол.

Борисов жасалған шартты бұзу жайлы үкіметаралық келісімде жазылғанын, бірақ оған кірісу үшін Ресейге француз жағының «Мистраль» кемесі берілмейтіні туралы ресми мәлімдемесі қажет екендігін айтқан.

2014 жылдың соңында Париж Украинаның шығысында ахуалдың тұрақсыздануына Мәскеудің араласуына байланысты Ресейге «Мистраль» әскери кемесін беру туралы келісімді орындауды тоқтатқан.

2011 жылы қол қойылған, құны 1 миллиард 200 миллион еуро тұратын келісім шартына сәйкес, Франция Ресейге 2014 жылдың соңына дейін «Владивосток» тікұшақ тасығыш кемесін беруге міндеттенген. Екінші «Севастополь» кемесі биыл күзде Қара теңіздегі ресейлік әскери флот күштерінің қатарына қосылады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG