Accessibility links

Алматы қаласынан 93 шақырымда жер сілкінді


Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет)

Өткен түні Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 93 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

«Ақпанның 22-і Алматы уақытымен 02 сағат 44 минут 39 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 0-5километр тереңдікте болған» делінген орталық сайтында жарияланған ақпаратта.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы аймағында сезілмеген және зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG