Accessibility links

Иракта әйел тұңғыш рет қала мэрі болып тағайындалды


Ирак астанасында жарылыс болған жердің қасынан балаларын жетектеп өтіп бара жатқан әйел. Бағдад, 9 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак астанасында жарылыс болған жердің қасынан балаларын жетектеп өтіп бара жатқан әйел. Бағдад, 9 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак тарихында тұңғыш рет әйел адам қала басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін Ирак жоғары білім министрлігінде бас директор болған Зикра Алуиш енді ел астанасы Бағдад қаласының мэрі қызметіне тағайындалған.

Мамандығы бойынша инженер Зикра Алуиш жаңа жұмысына бүгін, ақпанның 22-сі күні кіріседі деп хабарланды. Бұған дейін Бағдад мэрі болып істеген Наим Аббудты Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади қызметінен алып тастаған.

Әйелдерге қысым мен шектеу жиі жасалатын елде қала билігін басқаруға әйел адамның тағайындалуы тың құбылыс болып отыр.

XS
SM
MD
LG