Accessibility links

Құқыққорғаушы ресейлік БАҚ туралы Киев шешімін сынады


Мәскеудегі Хельсинки тобының жетекшісі Людмила Алексеева.

Мәскеудегі Хельсинки тобының жетекшісі Людмила Алексеева.

Ресейлік құқыққорғаушы, Мәскеудегі Хельсинки тобының жетекшісі Людмила Алексеева Украина қауіпсіздік қызметінің ресейлік 100-ден астам бұқаралық ақпарат құралын украиналық мемлекеттік органдарының аккредитациясынан уақытша айыру туралы шешімін сынға алды.

«Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында құқыққорғаушы ақпарат саласында тыйым салуға қарсы екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, адамдар ақ-қараны өздері-ақ ажыратып алады. Украина осылайша өзін қорғағысы келетін шығар деп топшылайды Алексеева. «Бірақ бәрі де жетісіп тұрған жоқ, Украинада да солай, біз туралы небір нәрселер жазып жатқанын бір Құдай біледі» деген ол.

Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі Елена Гитлянская сенбі күні «Интерфакс» агенттігіне Украина мемлекеттік органдары аккредитация беруден бас тартқан ресейлік ақпарат құралдарының тізімі жасалып, ақпанның 19-ы күні Жоғарғы Рада аппаратына тапсырылғаны туралы хабарлаған. Бұл тізімде 100-ден аса БАҚ енгізілген. Олардың әрбірінің контентіне мұқият жасалған тексеру-талдаудан соң әрқайсысы бойынша жеке шешім қабылданған дейді Гитлянская.

XS
SM
MD
LG