Accessibility links

Бангладеште паром апатынан адамдар қаза болды


Бангладеш астанасы Даккадан 30 шақырымдай жердегі Падма өзенінің жағасында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)
Бангладеш астанасы Даккадан 30 шақырымдай жердегі Падма өзенінің жағасында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)

Бангладештегі Падма өзенінде бүгін жүзге жуық адам мінген паром суға батып кеткен. Бұл туралы Associated Press хабарлады. Оның ақпараты бойынша, апат салдарынан кемінде жеті адам опат болған, арасында бір бала бар.

France Presse агенттігі 50-ге жуық адам апаттан кейін жағалауға өздері жүзіп жеткен немесе оларды басқа кеме-қайықтағылар құтқарған деп хабарлады. Әзірше апат салдарынан қанша адамның хабарсыз кеткені туралы нақты ақпарат жоқ. Апат болған аймақта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апаттан аман қалған адамның сөзінше, палубада тұрған жолаушылар тірі қалған, ал паром ішінде болғандардың көбі шыға алмай, суға кеткен.

Алдын ала хабарларға қарағанда, паром өзенде жүк кемесімен соқтығысып қалған. Апат Бангладеш астанасы Дакка қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай тұста болған.

XS
SM
MD
LG