Accessibility links

ЕО тағы 19 адамға санкция салды


Ресей Мемлекеттік думасының депутаты, әнші Иосиф Кобзон.
Ресей Мемлекеттік думасының депутаты, әнші Иосиф Кобзон.

Еуропа Одағы тағы 19 адам мен тоғыз заңды тұлғаға "Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіргені үшін" санкция салды. Қара тізімге іліккендер арасында Ресей қорғаныс министрінің орынбасарлары Аркадий Бахин, Анатолий Антонов, Ресей қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Андрей Картополов және Мемлекеттік думаның екі депутаты, оның ішінде әнші Иосиф Кабзон бар. Бұған қоса Донецк мен Луганск облыстарындағы ресейшіл сепаратистердің 15 өкіліне де санкция салынған.

ЕО санкция салғандар тізіміне 19 адамнан бөлек "Новороссия" қоғамдық қозғалысы мен сепаратистердің арасында казактардың ұлттық гвардиясы бар сегіз әскери бірлестігі қосылған. Санкцияға іліккендерге енді ЕО-ға кіруіне тыйым салынып, активтері бұғауланады.

Қосымша жаңа адамдарға санкция салу туралы шешім қаңтардың 24-інде Мариуполь қаласы атқыланып, 29 адам қаза тапқан соң қабылданған. Қазір ЕО-ның санкция салынғандар тізімінде Ресей мен Украинаның 151 адамы мен 37 заңды тұлғасы бар.

XS
SM
MD
LG