Accessibility links

Керри мен Зариф Женевада келіссөз өткізді


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Женева, 22 ақпан 2015 жыл.

Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Женева, 22 ақпан 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты екі сағатқа созылған келіссөз өткізді. Кездесуге алғаш рет АҚШ энергетика министрі Эрнест Мониц пен Иранның ядролық бағдарламасының басшысы Али Акбар Салехи де қатысты. Мониц пен Салехи мұның алдында бағдарламаны шектеудің техникалық тұстарына қатысты жеке кездескен.

Жавад Зариф ирандық ақпарат құралдарына екі жақты кездесу "жақсы өткенімен, келісім жасалмағанын", себебі екі жақ арасында бұрынғыдай әлі де келіспеушілік барын хабарлады. Зарифтің сөзінше, бағдарламаға қатысты "үлкен өкілеттігі бар болғандықтан" Мониц пен Салехи кездесуге қатыстырылған.

Ақпанның 21-інде Керри Иран жағы келіссөзге Салехиді де қосатын болған соң Моництың Женеваға барғанына үлкен мән беру қажет емес екенін айтқан.

Наурыз айының соңында әлемдік державалар мен Иран арасындағы келісім жобасын жасауға берілген мерзім аяқталады.

XS
SM
MD
LG