Accessibility links

Ауғанстанда ұрланған үндістандық діндар босатылды


Ауғанстанның Герат уәлаятында тұрғын үй жанында отырған адам. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанның Герат уәлаятында тұрғын үй жанында отырған адам. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанда осыдан сегіз ай бұрын ұрланған үндістандық гуманитарлық қызметкер әрі иезуит діндары Алексис Прем Кумар босатылды. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, Кумар қазір Үндістанға оралған.

Алексис Прем Кумарды былтыр жазда Ауғанстанның батысындағы Герат уәлаятында жергілікті мектептердің біріне барған кезде қарулы адамдар ұрлап әкеткен. Ол Ауғанстанда төрт жылдай жұмыс істеген.

Үндістан премьер-министрі аппараты Кумардың тек "дені сау, жақында отбасымен қауышатынын" ғана айтып, оның қалай босатылғаны және босатуға ақша төленді ме деген сұраққа қатысты ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG