Accessibility links

Дияс WTA рейтингісінде 31-орынға оралды


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA-ның (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде 31-орынға көтерілді. Ол бұған дейін рейтингте 33-орында тұрған. Зарина Дияс рейтингтегі ең жоғарғы көрсеткіші - 31-орынға алғаш қаңтар айында жетіп, кейін төмен түскен.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова 53-орнынан 52-орынға көтерілді.

Әлемдік рейтингті бұрынғысынша америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр. Одан кейінгі екіші және үшінші орындарда ресейлік теннисші Мария Шарапова мен румыниялық Симона Халеп орналасқан.

XS
SM
MD
LG