Accessibility links

УҚК: Харьковтегі жарылысқа күдіктілер Ресейден қару алған


Харьковтегі жарылыс болған орын. 22 ақпан 2015 жыл.
Харьковтегі жарылыс болған орын. 22 ақпан 2015 жыл.

Харьковте "Ар-намыс шеруі" кезінде болған жарылысқа күдіктілер Ресейден қару алған деп хабарлады бүгін Украина қауіпсіздік қызметі басшысының кеңесшісі Маркиян Лубкивский.

Лубкивскийдің Facebook-те жазуынша, жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған төрт адам - "Харьков партизандары" ұйымының мүшелері. Арнайы қызмет оларды тағы бір шабуылға - Шығыс Украинадағы арнайы операцияға қатысушылар мен еріктілер жиналатын "Шмель" клубын огнеметтен атқылауға әзірленіп жатқанда ұстаған деп хабарланды. Лубкивскийдің сөзінше, ұсталғандар қаруды партизандық топтың Ресейдің Белгород қаласындағы жетекшісінен алғанын айтқан.

Харьковтің орталығында кеше Украина бірлігін қолдауға арналған "Ар-намыс шеруі" кезінде болған жарылыстан екі адам қаза тауып, сегізі жараланған. Жарылыс орнына барған ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясының өкілдері жарылғыш құрылғы алыстан басқарылған деген пікір айтады.

Харьковте бүгін қаралы күн жарияланған.

XS
SM
MD
LG