Accessibility links

Хадижа Исмаиловаға айыппұл салынды


Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилова.

Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилова.

Әзербайжанда түрмеде отырған журналист, Азаттықтың Әзербайжан қызметінің қызметкері Хадижа Исмаиловаға "жала жапты" деген айып тағылып, үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде айыппұл салынды.

Адвокат Эльтон Гулиевтің айтуынша, судья Исмаилованы бұрынғы оппозиция белсендісі Эльман Гасановқа "ұлттық қауіпсіздік министрлігінің агенті деп жала жапты" деп айыптаған. Исмаилованың өзі жариялаған материалында Гасановтың аты жоқ деп, айыпты мойындамайды. Адвокат сот шешімін заңсыз деп, шағымданатынын айтады.

Әзербайжан билігі журналисті "адамды өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыппен өткен жылдың 5 желтоқсанында қамауға алған. Кейін оған тергеу орындары «ұрлық қылған», «қызмет өкілетін асырған», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» және «салықтан жалтарған» деген айыптар таққан. Егер сот оны айыпты деп таныса, журналист 19 жылға сотталуы мүмкін. Исмаилова өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Хадижа Исмаилова жоғары билік орындарындағы коррупцияны, оның ішінде президент Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелеріне қатысты күдікті қаржы операцияларын зерттеумен айналысқан. Әзербайжандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық белсенділер Исмаилованы "саяси тұтқын" деп танып, Әзербайжан билігінен оны босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG