Accessibility links

Путин: Украинамен соғыс болуы екіталай


Ресей президенті Владимир Путин Украинамен "соғыс болуы екіталай" екенін айтады. Ресейлік телеарнаға берген сұхбатында ол "ешқашан соғыс болмайды" деген үміті барын білдірді. Путин Украинамен соғысты "заманақыр сценариі" деп атады.

Украина, АҚШ, НАТО мен еуропалық бірқатар мемлекеттер Мәскеуді Шығыс Украинаға әскер жөнелтті және ондағы ресейшіл сепаратистерді қаруландырды деп айыптайды. Путин сұхбатында бұл айыптауды кезекті рет жоққа шығарып, "Киев Дебальцево қаласының құлауына Ресейді айыптамауы керек" деді.

Ресей президенті Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олландты түсінетінін және "жалпы алғанда оларға сенетінін" де айтты. Путин бұған қоса Украина президенті Петр Порошенкомен байланыс ұстап отырғанын да жеткізді. Ол Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату келісімі орындалады және Шығыс Украинадағы жағдай біртіндеп тұрақтанады деген пікір білдірді.

XS
SM
MD
LG