Accessibility links

АҚШ гейлер құқығы жөніндегі уәкілін жариялады


АҚШ дипломаты Рэнди Берри.

АҚШ дипломаты Рэнди Берри.

АҚШ дипломат Рэнди Берриді гейлердің құқығы жөніндегі алғашқы халықаралық уәкіл деп жариялады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, жаңа уәкіл лесбилер, гейлер мен бисексуалдар және трансгендер (ЛГБТ) құқықтарының қорғалуына ықпал ету үшін тағайындалған.

Тәжірибелі дипломат Рэнди Берри қазір Нидерландтағы АҚШ елшілігінде бас консул қызметін атқарады. Ол мұның алдында АҚШ-тың Бангладеш, Египет, Уганда және Оңтүстік Африка елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктерінде қызмет еткен.

Бұған дейін мемлекеттік департамент уәкіл қызметіне өзінің жыныстық ұстанымын жасырмайтын дипломатты тағайындайтынын хабарлаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри дипломат Рэнди Берри президент Барак Обама әкімшілігіне гейлер құқықтарын қорғауды адам құқықтары үшін күрес ретінде қалыптастыруға көмектеседі дейді.

XS
SM
MD
LG