Accessibility links

ИМ тобы ондаған баланы кепілге алғаны хабарланды


ИМ туын ұстап тұрған адам.

ИМ туын ұстап тұрған адам.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы Сирияның солтүстік-шығыс аймағындағы ауылдарға тінту жасап, кем дегенде 70 ассириялық христиан балаларын кепілге алған.

Ұлыбританиялық адам құқығын қорғау обсерваториясы ИМ ақпанның 23-і күні Курдиштен бастап Тал Тамр қалалары арасындағы ауылдарды тінтіп, тоқсанға жуық баланы алып кеткен деп хабарлады.

2014 жылдың жазынан бері ИМ Сирияның солтүстік, Ирактың батыс аймағын басып алған.

Ақпанның 23-і күні АҚШ әскери басшылығы Ирак әскері елдің батысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы Бағдади қаласын азат ету операциясын бастағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG