Accessibility links

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2014 жылы іске асу барысы, Қазақстан қарулы күштерін нығайту мәселелері талқыланып, биылғы жылға қойылатын негізгі міндеттер анықталған.

Назарбаев жиында аймақтық және әлемдік процестерден діни-экстремистік, террористік және экономикалық сипатта туындап отырған қауіп-қатер әлі барын айтып, терроризмге қарсы күресті күшейту қажет деген.

Қазақстан президенті бұған қоса үкімет пен жергілікті органдар елдегі экономикалық жағдайды үнемі талдап, қажетінше тиісті шараларды қолдануы тиіс деген.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Назарбаевқа ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндаған.

XS
SM
MD
LG