Accessibility links

AI: Әлем елдері адам құқықтарын қорғай алмай отыр


Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)
Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы 2014 жылды зорлық-зомбылыққа ұшыраған миллиондаған адам үшін "апатты жыл болды" деп бағалады.

Әлем елдеріндегі адам құқықтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы есебінде AI үкіметтерді "азаматтарды қорғаушы сияқты кейіп танытуды тоқтатып", дағдарысты жағдайларда бейбіт тұрғындар құқықтарын қорғауда түбегейлі өзгерістер жасауға шақырған.

Лондонда орналасқан ұйым бір жылға жуық уақытта 5600-ден астам адам мерт болған Шығыс Украинадағы қақтығыста Ресей қолдайтын сепаратистер мен украин әскерін "соғыстан зардап шеккен бейбіт тұрғындарға назар аудармады" деп айыптайды.

AI есебінде "әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аймақ пен сепаратистер бақылауындағы аудандарда заң мен тәртіп бұзылғандықтан сепаратистер мен киевшіл еріктілер тарапынан адам ұрлау, кісі өлімі, азаптау фактілері көбейген. Екі тарап та қылмыс жасағандарды жауапқа тартуға құлық танытпады" делінген.

AI Ресей мен Орталық Азия елдерінің ұлттық қауіпсіздік органдарын да "террористік қылмыстар жасады" деп айыпталғандар мен исламшыл топтарға қатысты күдікке ілінгендерді азаптайды деп айыптады.

Ұйым 2014 жылы мониторинг жасаған 160 елдің 35-інде қарулы топтардың қылмыс жасағанын айтып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы ықпалының артуына ерекше алаңдаушылық білдірген. Баяндамада "Ислам мемлекеті" содырларының әскери қылмыстар жасап, Ирак пен Таяу Шығыста езидтерді, христиандар мен шиит түркімендерді жаппай қырғаны, әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасағаны айтылған.

AI Ирак, Сирия, Израиль, Украина мен Газа секторындағы қақтығыстар мен дағдарыстарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі реттей алмады дейді.

XS
SM
MD
LG