Accessibility links

Грекияның алғашқы ұсыныстары қабылданды


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Халықаралық қаржы институттары мен еуро қолданатын елдер тобы қаржы министрлерінің кеңесі (Еуротоп) Грекия жаңа үкіметінің реформаларға қатысты алғашқы ұсыныстары Афинаға несие бағдарламасын созу туралы келіссөздер жүргізуге сеп бола алады деп санайды.

Азаттықтың Брюссельдегі журналисі Виктор Онучконың хабарлауынша, ақпанның 24-інде өткен телеконференцияда Афинадан түскен реформалар тізімін талқылаған Еуротоп Халықаралық валюта қоры, Еуропа комиссиясы және Еуропа Орталық банкінің "тізім Грекияның қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі қолданыстағы бағдарламасына өзгерістер енгізу ұсынысын талдаудың алғашқы кезеңі бола алады" дегенімен келіскен.

Еуропа комиссиясының ресми өкілі Маргаритис Схинас Грекияның ұсыныстары несие берушілердің ықпалымен түзілгенін айтады. "Грекия билігі, Еуропа комиссиясы және басқа да халықаралық институттар арасындағы конструктивті пікір алмасу нәтижесінде бізге реформалар тізімі таныстырылды" деді.

Еуротоптың реформалар тізімін талқылау қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде несие бағдарламасы төрт айға ұзартылуы мүмкін екені, бірақ Грекияның ұсыныстары жетілдіріліп, кеңейтілуі тиіс екені айтылған.​

XS
SM
MD
LG