Accessibility links

ИМ Сирияда 150 адамды ұрлағаны хабарланды


Түркияның Сириямен шекарасындағы босқындар лагерінде жүрген сириялық босқын балалар. (Көрнекі сурет)

Түркияның Сириямен шекарасындағы босқындар лагерінде жүрген сириялық босқын балалар. (Көрнекі сурет)

Белсенділер "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырлары Сирияның солтүстік-шығысында ассириялық христиан ауылдарына рейд жасап, 150 адамды ұрлап әкеткенін хабарлады.

Сирия ұлттық кеңесінің басшысы Бассам Исхактың мәлімдеуінше, Сирия мен сырттағы бірнеше үкіметтік емес ұйымды біріктіретін топ содырлардың кемінде 150 адамды ұстап әкеткенін растаған.

Сириядағы Ассирия демократиялық ұйымы саяси бюросының мүшесі Карам Доленің Азаттыққа айтуынша, "Ислам мемлекеті" содырлары Тель-Ормуз елді мекенін таң ата тексеріп, 13 әйел, бала мен қарт кісіні ұстап әкеткен.

Ол ақпанның 23-і күні содырлар басып алған Тель-Шамирам ауылында содырлардан қаша алмаған 70-90 қаралы тұрғынның із-түзсіз жоғалғанын айтады.

Карам Доленің сөзінше, Хабур өзені жағасындағы ауылының 30 тұрғыны күрдтер тұратын Хасака қаласына бас сауғалап кеткен. Сириялық күрдтер ақпанның 22-сінде елдің солтүстік-шығысында АҚШ әуе күштерінің қолдауымен содырларға қарсы екі рет шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG