Accessibility links

Мәскеуде "ИМ-ды насихаттаған" күдікті шетелдік ұсталды


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы туын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы туын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын қолдайтын вебсайт құрды деген күдікпен Тәжікстан азаматы ұсталды. Аты-жөні аталмаған тәжікстандықты Мәскеудің солтүстік-батысында ақпанның 24-інде ұстаған.

Ресейлік ақпарат құралдарының полициядағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ол адам интернетке "Ислам мемлекеті" ұйымының әрекеттерін бейнелейтін видеолар мен хабарламалар салған деген күдікпен ұсталған.

Ресей мен Орталық Азия елдерінің билік органдары жүздеген азаматтарының Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары қатарында соғысып жатқанын айтады.

Ресей "Ислам мемлекеті" ұйымын ресми түрде террористік ұйым деп таныған.

XS
SM
MD
LG