Accessibility links

АҚШ-та Орталық Азияның терроризмге күдікті 3 азаматы ұсталды


АҚШ билігі елде Орталық Азиядан шыққан үш азаматтың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына материалдық көмек көрсетпек болды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Болжам бойынша, олардың екеуі - 24 жастағы Өзбекстан азаматы Абдурасул Джурабоев пен 19 жастағы Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған.

Джурабоев бұған қоса "Ислам мемлекеті" ұйымының нұсқауымен АҚШ-та теракт жасауға дайындалған, ал Сайдахметов "егер шетелге кете алмаған жағдайда АҚШ-та теракт жасауды жоспарлаған" деген күдікке ілініп отыр.

Үшінші адам - 30 жастағы Аброр Хабибов тергеу деректері бойынша Сайдахметовтің содырларға сапарына демеушілік жасаған. Ұзамай бұл үшеуі де Нью-Йорк пен Флоридада сотқа тартылмақ. Айыпты деп танылса олар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG