Accessibility links

Австрия ислам ұйымдары туралы жаңа заң қабылдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Австрия парламенті мұсылман ұйымдарының шетелден қаржыландырылуына тыйым салатын және имамдардың неміс тілін білуін міндеттейтін заң қабылдады. Заңда австриялық мұсылмандардың діндерін ұстанудағы құқықтары мен міндеттерін кеңейту жағы да қарастырылған.

Жергілікті мұсылман топтары заңға қарсы шығып, елдегі христиандар мен иудей ұйымдары бұрынғыдай шетелден қаржы ала беретінін айтып, тыйымды әділетсіз деді.

Заң діни мейрамдарды қорғап, имамдарды дайындықтан өткізуді де міндеттейді.

Австрияда бұған дейінгі "ислам туралы заң" 1912 жылы, Австро-Венгрия империясы Босния мен Герцеговинаны аннексиялап алған соң қабылданған. Ол заң Еуропада исламға қатысты мәселелерді реттейтін үлгі ретінде қызмет еткен. Түркия дінбасыларының бірі Мехмет Гормез жаңа заңды "жүз жылға артқа кету" деп атап, Анкара бұған дейін Австриядағы имамдарды қаржыландыруына байланысты ешқандай шағым алмағанын айтты.

XS
SM
MD
LG