Accessibility links

Назарбаевтың ерте сайлау туралы жарлығы шықты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің ресми сайтында 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын белгілеу туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы жарияланды.

Жарлықта Орталық сайлау комиссиясына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету, үкіметке сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету міндеті жүктелген.

Облыс, Алматы мен Астана қаласы әкімдеріне дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде әрі дұрыс жасау және орталық, территориялық және учаскелік сайлау комиссияларына көмек көрсету тапсырылған.

Кеше Назарбаев халыққа арнаған видео үндеуінде кезектен тыс президент сайлауын сәуірдің 26-сына белгілейтінін айтқан. Ол 2016 жылы елде президент және парламент сайлауы қатар келетінін және екі сайлауды қатар өткізу конституцияға қайшы екенін айтқан. Ол бұған қоса алдағы сайлауға қатысу туралы шешімін кейінірек жариялайтынын мәлімдеген.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесте Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдағандарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG