Accessibility links

Ресей мен Кипр портқа қатысты келісім жасасты


Кипр президенті Никос Анастасиадис (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 25 ақпан 2015 жыл.
Кипр президенті Никос Анастасиадис (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 25 ақпан 2015 жыл.

Ресей мен Кипр ресейлік әскери кемелердің Жерорта теңізіндегі Кипр порттарына кіруіне рұқсат ететін келісім жасасты.

Бұл жайында Мәскеуде Кипр президенті Никос Анастасиадиспен келісімге қол қою салтанатынан кейін Ресей президенті Владимир Путин хабарлады.

Ол "Біз әскери ынтымақтастыққа қатысты бірнеше құжатқа, оның ішінде кемелеріміздің Кипр порттарына кіруі туралы келісімге қол қойдық,-" деді.

Кипр - Еуропа Одағына мүше. Бұл ел Ресеймен Мәскеу мен батыс елдері арасындағы қатынас Украина дағдарысына байланысты шиеленіскен тұста келісім жасап отыр. Путиннің сөзінше, Кипрмен "көбінесе ресейлік қаржыға сүйеніп жасалатын" келісімге қатысты "ешқандай алаңдаушылық тумауы тиіс".

Кипр үкіметіндегі дереккөздің Reuters агенттігіне хабарлауынша, Кипр бұған дейін де ресейлік кемелердің өз порттарына кіруіне рұқсат етіп келген. Бірақ бұл жолғы келісім бірінші рет ресми түрде жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG