Accessibility links

"Нұр Отан" съезі 11 наурызда өтеді


"Нұр Отан" партиясының кезекті 14-съезі. Астана, 25 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

"Нұр Отан" партиясының кезекті 14-съезі. Астана, 25 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясы 11 наурызда Астанада партияның кезекті съезін өткізетін болды. Бұл жайлы қаулыны Назарбаев шығарды деп хабарлады бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Байбектің сөзінше, партия жарғысына сәйкес, кезекті съезге делегаттар бір апта ішінде бастапқы партия ұйымдарының жиындарында, партияның аймақтық филиалдарының отырыстарында ұсынылады.

Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізуді 26 сәуірге белгілеген. Бүгін сайлау белгілеу туралы жарлығы президенттің ресми сайтында шыққан. Назарбаев сайлауға қатысу, я қатыспау шешімін кейінірек хабарлайтынын айтқан.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесте Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдағандарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG