Accessibility links

Сот: "Шұғыла тұрғындары жерін босатсын" деген шешім өзгермейді


Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшамауданы тұрғындары "Ақ бата" компаниясына тұрып жатқан жерлерін босатып берсін деген сот шешімін күшінде қалдырды.

Тұрғындардың жер телімдерін "Ақ бата" компаниясына қайтарып беруді міндеттеген сот шешіміне шағымын судья Елшібаев қарады.

Тұрғындардың айтуынша, Әуезов аудандық соты 2014 жылдың желтоқсанында Шұғылада тұратын 182 жер телімі иесіне қатысты "тұрғындар жер телімдерін "Ақ бата" компаниясына қайтарсын" деген шешім шығарған. "Біз Әуезов аудандық сотының шешімін 10 күннен кейін ғана естідік. Сотқа бізді шақырмады" дейді тұрғындар.​

Сотқа шақырылған "Ақ бата" компаниясының өкілдері қолдарында 2014 жылы сәуір айында алған, жердің компанияға тиесілі екені туралы мемлекеттік актісі барын айтты.

Үй салған жер телімдерін сатып алғандарын айтқан тұрғындар енді апелляциялық сот шешіміне кассациялық шағым беретіндерін мәлімдеді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG