Accessibility links

СІМ: АҚШ-та ұсталған қазақстандық 4 жыл бұрын кеткен


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деп ұсталған Ахрор Сейдахметовтің Нью-Йорктегі дипломатиялық өкілдікте консулдық тіркеуге тұрмағанын хабарлады.

СІМ-нің Азаттыққа хабарлауынша, 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған, ұлты өзбек Ахрор Сейдахметов 2011 жылдың қазан айында 16 жасында Өзбекстанға кетіп, содан қайтып оралмаған.​

Министрлік қазірге дейін Сейдахметовтің өзі, я туыстары елшіліктен көмек сұрап қайырылмағанын айтады.

АҚШ әділет министрлігі кеше, ақпанның 25-інде Нью-Йорк әуежайында Стамбулға ұшпақ болған Ахрор Сайдахметов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлаған. Америкалық тергеушілердің дерегінше, Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қосылмақ болған. АҚШ билігі бұл іске қатысты Сайдахметовтен өзге Өзбекстанның екі азаматын да тұтқындаған. Тергеушілер олардың бірін "Ислам мемлекеті" қатарына қосылып, АҚШ-та теракті жасамақ болды, екіншісі Сайдахметовке демеушілік жасады дейді.

XS
SM
MD
LG