Accessibility links

Кабулда Иран мен Түркия елшіліктері алдында жарылыс болды


Түркия елшілігіне тиесілі көлікке шабуыл жасалған орын. Кабул, 26 ақпан 2015 жыл.
Түркия елшілігіне тиесілі көлікке шабуыл жасалған орын. Кабул, 26 ақпан 2015 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабулда бүгін таңертең Түркия елшілігіне тиесілі көлікке бомба жасырылған басқа бір көлік соқтығысып, жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты.

Ресми ақпараттарға қарағанда, бомба жасырылған көлік Иран елшілігі алдында тұрған Түркия елшілігінің көлігін соққан. Иран елшілігі мен Түркия елшілігі бір-бірімен қатар орналасқан.

Шабуылға жауапкершілікті "Талибан" мойнына алды.

Ауғанстанда шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жиі шабуылға ұшырап жатады. Кабулда өткен айда әуежай маңында Еуропа Одағы полициясының көлігін де бомба жасырылған көлік келіп соғып, оқиға маңынан өтіп бара жатқан адам қаза тапқан.

Өткен жылдың қараша айында Ұлыбритания елшілігінің көлігі де осындай шабуыл жасалып, бес адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG