Accessibility links

Прокурор Жоламановты 14 жылға соттауды сұрады


Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот залында отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот залында отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановты бүгін сотта мемлекеттік айыптаушы, бас әскери прокуратураның басқарма бастығы прокурор Кемел Шаяхмет 14 жылға соттауды сұрады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Нұрлан Жоламановтың соты қаңтардың 26-сы күні басталған. Оған "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "аса ірі көлемде пара алды" деген айыптар тағылған. Онымен бірге сотталушы, Алматыдағы 2458-әскери бөлімнің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетовке де "аса ірі көлемде пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған.

Прокурор сотта "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және аса ірі көлемде пара алды" деп танып, 14 жылға соттау, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын кесуді сұраған.

Жоламанов өзіне қарсы сотты "қолдан жасалған, саяси іс" деп атап, тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

Нұрлан Жоламанов 2014 жылы қазанның 27-сі күні ұсталған. Ол 2013 жылдың қаңтарынан бастап ұсталған кезге дейін ҰҚК шекара қызметін басқарған.

XS
SM
MD
LG