Accessibility links

Киев: Донбастан қаруымызды әкете бастадық


Донбастағы қақтығыс аймағынан шығып бара жатқан Украина әскері техникалары. 26 ақпан 2015 жыл
Донбастағы қақтығыс аймағынан шығып бара жатқан Украина әскері техникалары. 26 ақпан 2015 жыл

Украина әскерінің бас штабы 26 ақпаннан бастап елдің шығысындағы Донбастағы атыс аймағынан қару-жарақтарының алғашқы легін шығара бастағандарын мәлімдеді.

Бас штаб жариялаған мәлімдемеде: "12 ақпандағы Минск келісіміне сай Украина атыс аймағынан ауыр қару-жарақтарын шығара бастады. Қару жарақтарды шығару ЕҚЫҰ-ның толық бақылауында болады" делінген.

Украина әскері соңғы екі күнде Донбасс аймағында бірде-бір атыс тіркелмегенін айтты.

2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен арадағы қақтығыстан 5500-ден астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG