Accessibility links

Астанада үлескерлер наразылық танытты


26 ақпанда Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің 50 шақты үлескері құрылыс жұмысының баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді.

Үлескерлердің айтуынша, олар ASI инвестициялық құрылыс компаниясымен қайта жасасқан келісім-шарттары бойынша, пәтерлерін 2014 жылы алуы керек болған.

ASI құрылыс компаниясының өкілі Сергей Котляровтың сөзінше, құрылыс жұмысы инженерлік және қаржылық кедергілерге байланысты кешігіп жатыр.

"Үлескерлер ақшасын депозиттік жинақтаушы жүйесі мен банктерге салды. Бірақ қаржылық қиындықтар кезінде екінші деңгейлі банктер бұл ақшаны депозитке алудан бас тартты. Осы себепті қаржы жетіспеушілігі болды" деді Сергей Котляров.

Ол «Шығыс» тұрғын үй кешені алдағы жылдарда толықтай салынып бітетінін айтты. Бірақ құрылыс басына жиналған үлескерлер «жыл сайын осындай сылтау естиміз» деп наразы болды.

4 мыңға жуық пәтерлі «Шығыс» тұрғын үй кешенінің 1500-дей үлескері бар. Құрылыс жұмысы 2011 жылы басталған.

XS
SM
MD
LG