Accessibility links

"Новая газета" "Қырымды басып алу" жоспарын жариялады


Ресейлік "Новая газета" басылымы Кремль Украина экс-президенті Виктор Янукович биліктен кетуге екі апта қалғанда даярланды делінген Қырымды басып алып, Шығыс Украинада "сепаратизмді" тұтатуға шақыратын құжатын жариялады.

Газеттің 25 ақпандағы санында Ресей Украинадағы жағдайды бақылауда ұстауы үшін қабылдауы тиіс қадамдары көрсетілген меморандум басылды.

Басылым құжат 2014 жылғы ақпанның 4-і мен 12-сі аралығында дайындалғанын және оның артында әсіре ұлтшыл көзқарастағы ресейлік олигарх Константин Малофеев тұруы мүмкін екенін айтады. Малофеевтің өзі айыптауды жоққа шығарады.

Меморандумда украиналық олигархтардың Киевтегі Майданда болып жатқан оқиғаларды бақылаудан шығарып алғаны, Киевтегі наразылық акцияларын "Польша мен Ұлыбритания арнайы қызметі басқарып отырғаны" айтылады. Құжатта бұған қоса Янукович билігі құлайтыны болжанып, Мәскеуге Қырым мен Украинаның шығыс бөлігін өзіне қосып алу үшін Еуропа Одағының автономиялық аймақтарға қатысты заңдарын пайдаланып қалу керектігі көрсетілген.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков меморандумды "қолдан жасалған" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG