Accessibility links

Лондонда Шығыс Украинадағы соғысқа қарсы акция өтті


Лондондағы Ресей елшілігі. (Көрнекі сурет).

Лондондағы Ресей елшілігі. (Көрнекі сурет).

Лондонда ақпанның 26-сында Ресей елшілігі алдында Украина шығысындағы қақтығыстарға байланысты соғысқа қарсы акция өтті. Акцияны Лондонда тұратын ресейлік бұрынғы кәсіпкер Евгений Чичваркин ұйымдастырды.

Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Наталья Голицынаның хабарлауынша, акцияға Ұлыбританияда тұратын жүзге тарта Ресей, Украина және бұрынғы совет республикаларының азаматтары қатысқан. Наразылық танытушылар қолдарына "Соғысты тоқтат!", "Украинадан қолыңды тарт!", "Ресей, үйіңе қайт!" деген жазулары бар плакаттар ұстап шықты. Көпшілігінің қолында Ресей, Украина, Грузия, Беларусь және Балтық бойы елдерінің тулары болды.

Акцияға шыққандар Донбасстағы Ресей басқыншылығын тоқтатуды талап етті, батыс елдерін "Ресей империализмінің Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіретінін" ескертіп, Украинаға көмектесуге шақырды.

XS
SM
MD
LG