Accessibility links

Жоламанов сотында жарыссөз жүріп жатыр


Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот залында отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот залында отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың сотында бүгін жарыссөз жүріп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сотта "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "аса ірі көлемде пара алды" деп айыпталған Жоламановқа сөз берілді. Ол өзіне "негізсіз жала жабылғанын" айтып, кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Қысқа, бес минуттай ғана сөйлеген Жоламанов өзіне "жала жапқандардың" жазалануын талап етті.

Жоламановпен бірге сотталушы, Алматыдағы 2458 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов сотта өзіне тағылған "аса ірі көлемде пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптарды мойындайтынын айтты. Балмағамбетов өзіне "ешкім қысым көрсетпегенін", "жемқорлықпен күресуге шешім қабылдағанын" айтып, эмоциямен көзіне жас алды.

Сотта Жоламановтың үш адвокаты оған тағылған айыптарды терістеді. Ал Балмағамбетовтің адвокаты айыптармен келісетінін білдірді.

Нұрлан Жоламановтың соты қаңтардың 26-сы күні басталған. Кешегі сот процесінде айыптаушы прокурор Жоламановты жоғарыдағы айыптар бойынша кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын кесуді сұраған.

Нұрлан Жоламанов 2014 жылы қазанның 27-сі күні ұсталған. Ол 2013 жылдың қаңтарынан бастап ұсталған кезге дейін ҰҚК шекара қызметін басқарған.

XS
SM
MD
LG