Accessibility links

БҰҰ өкілі Сирия билігімен келіссөз жүргізеді


БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистуру.

БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистуру.

БҰҰ-ның Сириядағы арнайы өкілі Стаффан де Мистурудың ақпанның 28-інде Дамаскіге барып, президент Башар Асад билігі өкілдерімен Сирияның ең ірі қаласы - Алеппода әуе шабуылдары мен атысты алты аптаға тоқтату ұсынысын талқылайды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері 26 ақпанда Стаффан де Мистурудың ұсынысына қолдау білдірген.

Мистуру жоспары іске БҰҰ-ның қираған Алеппо қаласының бір ауданына шектеусіз гуманитарлық жеткізуді бақылауына мүмкіндік тумақ.

Де Мистурудың айтуынша, өткен аптада Сирия президенті Башар Асад билігі Алепподағы әскери іс-қимылдарды тоқтата тұруға дайын екендігін білдірген.

Сирияда 2011 жылдың наурызында басталған үкіметке қарсы толқу біртіндеп азамат соғысына ұласқан. БҰҰ дерегі бойынша, соғыста 220 мыңға тарта адам мерт болды. 3,8 миллион адам көршілес Иордания, Ливан, Түркия сияқты елдерге босып кетті.

XS
SM
MD
LG