Accessibility links

Министрлік: Балалардың дәріден мерт болғаны туралы ақпарат - жалған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұялы телефоннан WhatsApp желісі арқылы таралып жатқан науқастардың кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін көз жұмғаны жайлы ақпарат жалған деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Министрлік хабарламасында дәрі-дәрмектердің жанама әсері үнемі тексеріліп тұратыны айтылған. "27 ақпанға дейін бала өліміне әкеп соқтырған аллергиялық реакция тудырды деген дәрі-дәрмектер (амоксициллин, капесула, ибурофен, ацеклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балалар панадолы мен санасол) туралы жедел ақпарат түскен жоқ" делінген министрлік ақпаратында.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осыған байланысты ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсізідк комитеті мен бас прокуратураға жалған ақпарат таралуын болдырмауды сұраған.

XS
SM
MD
LG