Accessibility links

EF EPI: Қазақстанда ағылшын тілін білу деңгейі өте төмен


Алматы қаласының жекеменшік білім беру ұйымдары ассоциациясының президенті Шәмшия Қанаева (сол жақта) EF Education First білім беру бағдарламасының директоры Эмма Уолтон. Алматы, 27 ақпан 2015 жыл.
Алматы қаласының жекеменшік білім беру ұйымдары ассоциациясының президенті Шәмшия Қанаева (сол жақта) EF Education First білім беру бағдарламасының директоры Эмма Уолтон. Алматы, 27 ақпан 2015 жыл.

Ағылшын тілін білу деңгейін зерттеумен айналысатын Education First (EF EPI) ұйымы жариялаған рейтинг бойынша, Қазақстан әлем бойынша 63 елдің ішінде 54 орын алып, "өте төмен кәсіби деңгей" деген көрсеткішке ие болды.

EF EPI зерттеу ұйымы ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 63 елде ересектер арасында 750 мың адаммен сауалнама жүргізген. Сауалнама қорытындысы бойынша, Қазақстанда соңғы жеті жылда ересек тұрғындар арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейі аймақтағы елдермен салыстырғанда біршама артқаны байқалған. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі негізінен 18 жастан 34 жасқа дейінгі аралықтағы қазақстандықтар арасында көтерілген.

Бірақ ұйым есебінде Қазақстанда әйелдердің ерлерге қарағанда ағылшын тілінде жақсы сөйлейтіні және мұндай теңсіздік Азияның басқа өңірлерімен салыстырғанда айтарлықтай айқын көрінетіні айтылған.

Тұрғындары ағылшын тілін "өте жоғары кәсіби деңгейде" меңгерген елдер тізімінде Дания, Нидерланд, Швеция, Финляндия, Норвегия тұр. Эстония мен Латвия ағылшын тілін "жоғары деңгейде", Ресей мен Украина "төмен кәсіби деңгейде" меңгерген елдер қатарында саналады.

XS
SM
MD
LG