Accessibility links

Ақ үй Украинаға қатысты видеоконференция өткізді


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс Франция, Германия, Италия және Ұлыбританиялық әріптестерімен Украинадағы жағдай бойынша кеңесу аясында видеоконференция өткізді.

Ақпанның 26-сында өткен видеоконференцияға Ұлыбритания премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі сэр Ким Дэроч, Франция президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Жак Одиберт, Германия канцлерінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Кристоф Хойсген, Италия президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Армандо Вариччио қатысқан.

Конференцияда тараптар 12 ақпанда Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату келісімінің орындалу барысын талқылап, Украинаны қолдауға қатысты бұдан ары да бірлескен шаралар жасай беру жайы қаралды делінген Ақ үй таратқан хабарламада.

XS
SM
MD
LG