Accessibility links

Сепаратистер "Град" кешендерін әкете бастады


"Град" әскери артиллериялық кешендері. Донбасс, ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

"Град" әскери артиллериялық кешендері. Донбасс, ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейшіл сепаратистер бүгін таңертең бақылауындағы Донецк қаласына жақын шағын Макеевка қаласынан "Град" әскери артиллериялық кешендерін майдан шебінен кейін әкетті.

Сепаратистердің Reuters агенттігіне айтуынша, олар ауыр қару-жарақтарын осы айдың басындағы Минск келісімінде белгіленген әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан 15 шақырым әрірекке жылжытқан.

12 ақпанда Минскіде жасалған келісім бойынша әуелі екі тарап атысты тоқтатып, сосын әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аймақтан ауыр қару-жарақтарын, оның ішінде артиллериялық атыс кешендерін әкетуі тиіс болған.​

XS
SM
MD
LG