Accessibility links

UCI "Астана" командасын лицензиядан айыруды сұрады


"Астана" командасының жейдесін киген велоспортшы

"Астана" командасының жейдесін киген велоспортшы

27 ақпанда Халықаралық велоспорт одағы (UCI) "Астана" велокомандасын әлемдік турларға қатысу лицензиясынан айыруға ұсыныс жасап, лицензиялық комитетке хат жолдады.

UCI бұл ұсынысты Лозанна университеті спорт ғылымы институтының (ISSUL) "Астана" клубындағы антидопинг ережесі және команданы басқару жүйесіне қатысты тексеруінен кейін айтқан.

Бірақ UCI ISSUL жүргізген тексеріс қорытындысын лицензиялық комитеттің шешімі шыққанға дейін жарияламайтындарын мәлімдеді.

Егер "Астана" командасы 2015 жылғы жарыстарға қатысу лицензиясынан айырылса, "Тур де Франс", "Джиро д'Италия", "Вуэльта" жарыстарына бара алмайды.

2014 жылы "Астана" командасының мүшелері - ағайынды Максим және Валентин Иглинскилер допингпен ұсталған еді. ​"Астана" командасы жанындағы Astana Continental Team жас велоспортшылар клубының мүшелері Артур Федосеев, Виктор Окишев пен Илья Давиденок те допинг қолданды деген айыппен команда құрамынан шығарылған.

XS
SM
MD
LG