Accessibility links

"Қазақмыстың" екі жұмысшысы мерт болған


«Қазақмыс» компаниясының офисі. Жезқазған қаласы, 27 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазақмыс» компаниясының офисі. Жезқазған қаласы, 27 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазақмыс» кен орындарында 26 ақпанда екі жұмысшы мерт болды деп хабарлады бүгін компанияның баспасөз қызметі.

Тау-кен орнының 21 жастағы жұмысшысы Шатыркөлдегі «Балхашцветмет» кенішінде, ал 34 жастағы дәнекерлеуші Жезқазғандағы компанияға қарасты теміржол кеніштерінің бірінде жұмыс кезінде қаза тапқан.

Оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. ​

«Қазақмыс» корпорациясы кеніштерінде адам қазасына себепкер оқыс оқиғалар бұған дейін де бірнеше рет болған.

XS
SM
MD
LG