Accessibility links

Жамбыл облысында тікұшақ құлады


Eurocopter тікұшақтары (Көрнекі сурет)
Eurocopter тікұшақтары (Көрнекі сурет)

27 ақпанда Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлағанын хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, оқиға облыстың Талас ауданындағы Қаратау қаласында сағат түскі 12 шамасында болған.

"Тікұшақ TalasInvestment Company натрий цианидін өндіретін зауыт аумағындағы алаңнан көтерілген. Біршама биікке көтерілгеннен кейін сол жерге құлады. Экипаж командирі тікұшақты жалғыз өзі басқарған, бортта жолаушылар болмады, зардап шеккен адамдар да жоқ" деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

XS
SM
MD
LG